Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / Комитет төрағасы баспагерлермен, қаламгерлермен кездесті
Комитет төрағасы баспагерлермен, қаламгерлермен кездесті
23-06-2021
Бүгін Zoom бейнебайланыс құралы арқылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қуат Борашев баспа ісі саласындағы мәселелерді талқылау мақсатында сала мамандарымен, ардагер жазушылармен онлайн кездесу өткізіп, бірқатар сұрақтарды талқылады.
Онлайн басқосуға ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры Әділ Қойтанов, белгілі ақын Нұрлан Оразалин, жазушы Жақау Дәуренбеков, Әшірбек Көпішев, Ғарифолла Әнес, Темірғали Көпбаев және басқа да сала мамандары қатысты.  

Қуат Қаһарманұлы отыздан астам баспа өкілдері мен қаламгерлер қауымының белді мүшелеріне комитеттің жұмыс бағыты туралы, қолға алынып жатқан жобалар және атқарылып жатқан жұмыстар туралы таныстырып өтті. Сонымен қатар, жаңа комитеттің жаңа төрағасы баспа ісі саласындағы кез келген мәселені көтеріп, заң аясында шешуге мүдделі екенін жеткізді. 

Екінші болып сөз алған ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры Әділ Қаженбайұлы «Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату» мемлекеттік бағдарламасының жұмыс процесі туралы, жаңа форматта кітап қабылдаудың көпшілікке қалай әсер еткені туралы және саладағы кітап шығару мәселелері туралы айтты. 

Қазақстан Жазушылар одағын ұзақ жыл басқарған Нұрлан Оразалин қазақ әдебиеті мен қазақ баспа ісі арасындағы өзара қарым-қатынас және кітап шығаруда мән берілуі тиіс түйдек мәселелер төңірегінде ой толғамдарын ортаға салды. 

Ал Әшірбек Көпішев, Темірғали Көпбаев, Ғарифолла Әнес сияқты сақа баспагерлер баспа ісі саласындағы инақты мәселелерге тоқталып, шешімін таппай келе жатқан сұрақтардың баршылық екенін комитет төрағасына жеткізді.

Жиын барысында баспа ісі саласын дамыту, кітаптардың сапасын арттыру, авторлық және сабақтас құқықтар бойынша туындап келе жатқан мәселелерді реттеу сияқты маңызды ұсыныстар талқыланды. 

Қорытынды сөзінде Қуат Қаһарманұлы бұл саладағы кез келген оң бастаманы қолдайтынын, сала қызметкерлерінің ұсыныстары мен мәселелерін заң аясында шешілуіне ықпал ететінін айта келіп, баспагерлер мен қаламгерлерді өзара ынтымақтастықта, тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуге шақырды.
Басқа жаңалықтар
01-07-2026
ҰЛТТЫҚ КІТАП ПАЛАТАСЫНА ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ АТЫНАН ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ АРНАЙЫ БАСЫЛЫМЫ ТАБЫСТАЛДЫ
 Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан еліміздің жаңа Конституциясының арнайы басылымы салтанатты түрде табысталды.
30-06-2026
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӘНЕ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы» республикалық мемлекеттік мекемесі мен «М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арасында ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды.
26-06-2026
Қазақстан кітапханалар одағының «Жаһандық көзқарас және тұрақты даму: кітапханалардың болашақты құрудағы рөлі» атты кезекті көшпелі отырысы
Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткізіліп жатқан көшпелі отырыс аясында, Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры Асхат Құсайынұлы Байұзақов «Кітапхана және кітап баспа ісі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша баяндама жасады.
22-06-2026
Софы Қалыбекұлы Сматаев
   ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының ұжымы көрнекті жазушы, драматург, аудармашы, қоғам қайраткері, Кітап палатасының ұзақ жылдар бойы бас директоры болған Софы Сматаевты 85 жас мерейтойымен шын жүректен құттықтайды!
22-06-2026
Кітап палатасы халықаралық кітап көрмесінде Қазақстанның баспа өнімдерін таныстырды
2026 жылғы 17–21 маусым аралығында өткен Азиядағы ең ірі халықаралық кітап форумдарының бірі – Бейжің халықаралық кітап көрмесі табысты қорытындыланды.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ