Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / «Дүниені жалт қаратсам деп едім...»
«Дүниені жалт қаратсам деп едім...»
15-02-2024
    ►    15 ақпан Алматы қаласы Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, I-ші дәрежелі «Барыс» және «Парасат» орденінің иегері, «Жыл адамы – Алтын адам», «Платина Тарлан» және «Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлығының лауреаты, Алматы қаласы Мемлекеттік архивінің 650 қорқұрушысы, ақын Шөмішбай Сариевтің «Дүниені жалт қаратсам деп едім» атты музей-бұрышының ашылу рәсімі өтті.
       Іс-шараның мақсаты – Шөмішбай Сариевтің шығармашылық жолын дәріптеу. Шараны Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Оразбайұлы Қырықбаев құттықтау сөзімен ашты. Жазушы, кинодраматург Смағұл Абатұлы мен ақын, драматург, мемлекет және қоғам қайраткері Нұрлан Оразалин ақынның құрметіне ашылған музейдің лентасын қиды. 
Кеш қонағы Қазақстанның халық әншісі Мақпал Жүнісова Шөмішбай Сариевтің сөзіне жазылған «Қайран уақыт» әнін жанды дауыста шырқады. 
Шараны ұйымдастырушы ақынның жұбайы – Сариева Жұмагүл Қаженқызы. 
«Күнде таңертең радиодан ағаңның әндерін тыңдаймын. Оразамды ағаңның әндерімен ашамын» ,- дейді Жұмагүл апай. Шөмішбай ағаның қызықты оқиғаларын еске түсірген бұл шара Мақпалдың  әдемі әнімен қорытындыланды...

Басқа жаңалықтар
22-05-2026
Сөзден іске!
Бүгін Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмасымен Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының мамандарына Алматы қаласынан 2 бөлмелі пәтер табысталды.
21-05-2026
Құрметті мәдениет және өнер саласының қызметкерлері!
17-05-2026
Мемлекет басшысы «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды
01-05-2026
«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау басталды
«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау басталды. Ұлттық әдеби сыйлық отандық қаламгерлерді қолдау және қазақ әдебиетінің дамуына ықпал ету мақсатында өткізіледі.
16-04-2026
23 сәуір — елімізде Ұлттық кітап күні ретінде аталып өтеді
23 сәуір — елімізде Ұлттық кітап күні ретінде аталып өтеді. Осы маңызды күнге орай республика көлемінде кітап оқу мәдениетін насихаттауға, рухани және зияткерлік дамуды қолдауға бағытталған ауқымды кітап апталығы ұйымдастырылып отыр
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ