Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / Мәжіліс депутаттары балалар басылымдарының мәселесін көтерді
Мәжіліс депутаттары балалар басылымдарының мәселесін көтерді
11-03-2021
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ақын Мақпал Мыса ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Лұқпанұлы Тоғжановқа, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Ғалымқызы Балаеваға балалар әдебиеті және балаларға арналған түрлі ақпараттық тауарлар мәселесі жөнінде депутаттық сауал жолдады. Депутаттық сауалға Мақпал Мыса, Дархан Мыңбай және Жұлдыз Сүлейменова қол қойған. 

«Президент Қасым Жомарт Тоқаев өз Жолдауында «Балалар үшін қатерлі бүгінгідей аумалы-төкпелі заманда олардың күш-жігері мен қызығушылығын дұрыс арнаға бағыттау аса маңызды, балалар – мемлекетіміздің болашағы» деп баса айтқан еді. Жасөспірімдердің дүниетанымын қалыптастыратын негізгі механизм – баспасөз бен кітап. Осыған орай, бүгінде бізді алаңдатқан жай бар. ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 7 қарашадағы Қаулысына сәйкес, барлық мемлекеттік баспа-басылымдарын «Қазақ газеттері» бірыңғай брендімен біріктіру жоспарлануда. Оның ішінде, әрине, «Балдырған», «Ақжелкен» журналдары, «Дружные ребята», «Ұлан» газеттері бар. Біріктіру жұмыстары ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында аяқталады екен. 

Біз жалпы басылымдардың біріктірілуін түсіністікпен қабылдаймыз. Алайда Nur Otan партиясы фракциясының мүшелері ретінде олардың ішіне балалар басылымдарын қосуға түбегейлі қарсымыз. Бүгінде «Ұлан» газеті аптасына бір рет 5 000,  «Ақжелкен» журналы айына бір рет 3 000, «Балдырған» журналы айына бір рет 7 000, «Дружные ребята» газеті аптасына бір рет 3 000 данамен шығады. Төрт басылымға кететін жылдық шығын мөлшері 134 миллион теңгені құрайды екен. Жастайынан сауат ашып, мемлекеттік тілді оқытып үйрететін тәрбие құралы – балалар басылымдарына бұл көп қаражат емес деп ойлаймыз. 

Елімізде 7 100 мектепте 3 миллионнан астам оқушы білім алуда. Әзірге жалғыз Balapan телеарнасының қызметін ескерсек, мемлекеттік тілде балаларымыз бен оқушыларымыздың тәрбие құралына мұндай біріктіру қаншалықты қисынды? Осы мәселе мұғалімдер мен ата-аналар қауымымен талқыланды ма екен? 

Жаңа әліпбиге көшу жағдайында мұның маңызы алдағы уақытта арта түспек. Оның үстіне, мемлекеттік мінбелерде мемлекеттік тілдің аясын кеңейту туралы мәселені іске асыратын уақыт жетті. Тілді дамытудың бір жолы – жас ұрпаққа ана тілін сіңіру болса, сол ана тіліндегі ғасырға жуық уақытта қалыптасып, даму кезеңін өткерген басылымдардың таралымын арттыру, ауылдағы жасөспірімдер қатарынан оқырмандар санын сақтау деп білеміз. 

Ұрпақ тәрбиесі, таным-түсінігі, болмыс-бітімі – мемлекетіміздің бірінші байлығы. Балалардың болашаққа деген сенімі, нық қадамы ұлттық құндылықтарымызды ана тілінде әдебиетке баулудан басталады. Сондықтан, балалар баспасөзін басқа бұқаралық ақпарат құралдарымен біріктірудің уақыты келген жоқ деп санаймыз. 

Құрметті Ералы Лұқпанұлы, Аида Ғалымқызы! 

Біріншіден, балалар басылымдарын бірыңғай брендпен біріктіруді тоқтатуларыңызды сұраймыз. 

Екіншіден, балалар баспасөзін, балаларға арналған телерадио арналарын дамытуға, жаңғыртуға қосымша жаңа мүмкіндіктер қарастыру қажет. 

Үшіншіден, еліміздегі барлық оқу орындары, мектепалды мекемелер, мектептер, жекеменшік оқыту орталықтары мен кітапханаларында балалар басылымдарының балаларға міндетті түрде қолжетімді болуын қамтамасыз етілуін қадағалауды сұраймыз!

Сондай-ақ, кез келген баланың қалауы бойынша жазылуына жағдай жасауды қажет деп білеміз!»
Басқа жаңалықтар
10-08-2026
«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау жалғасып жатыр.
Бұл – қазақ әдебиетінің дамуына үлес қосып жүрген талантты авторлардың шығармашылығын қолдауға және үздік туындыларды дәріптеуге бағытталған маңызды жоба.
28-07-2026
XXIII халықаралық «Искусство книги» байқауына 23–24 шілде аралығында Минск қаласында ТМД елдерінің кітап ісі саласындағы арнайы номинациялар бойынша дауыс беру кезеңі өтті.
Аталған кезеңде қатысушы мемлекеттер ұсынған басылымдар әділ қазылар тарапынан жан-жақты қаралып, әр номинация бойынша үздік жұмыстарды анықтау мақсатында дауыс беру рәсімі жүргізілді
28-07-2026
2026 жылғы 22–24 шілде аралығында Беларусь Республикасының Минск қаласында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Искусство книги» халықаралық байқауы өтті.
Іссапар аясында Асхат Құсайынұлы Беларусь Республикасының кітап ісі мен баспа саласының қызметімен жан-жақты танысты. Сонымен қатар Ұлттық Беларусь кітапханасы мен Беларусь Кітап палатасында болып, мекемелердің негізгі бағыттары, құжаттарды сақтау және ғылыми-библиографиялық жұмыстарымен танысты.
01-07-2026
ҰЛТТЫҚ КІТАП ПАЛАТАСЫНА ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ АТЫНАН ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ АРНАЙЫ БАСЫЛЫМЫ ТАБЫСТАЛДЫ
 Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан еліміздің жаңа Конституциясының арнайы басылымы салтанатты түрде табысталды.
30-06-2026
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӘНЕ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы» республикалық мемлекеттік мекемесі мен «М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арасында ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ