Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Елордада алғаш рет Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған «Наурыз бал» атты іс-шара өтті
20-03-2024
Бұл кеш түрлі елдердің дипломатиялық корпусын, халықаралық ұйым басшыларын және шетелдік компаниялар өкілдерін жинаған ерекше мереке болды.
📌Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа форматына тоқталып, Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы сөз еткен негізгі тезистерді атап өтті. Сонымен қатар министр мәдени мұраны насихаттау мен оны әлемдік аренада таныту мақсатында министрлік тарапынан жасалған жобаларға тоқталды.
🌐Соның ішінде аталмыш іс-шара барысында таныстырылымы өткен Qazaq сulture ақпараттық-танымдық порталы бар. Онлайн портал Мемлекет басшысының еліміздің мәдени мұрасын таныту, ұлттық брендті, тарих пен мәдениетті насихаттау тапсырмасы аясында іске қосылып отыр. Qazaq Culture Қазақстанның көп қырлы мәдениеті мен бай тарихының айрықша белгісіне айналмақ.
🤝Мерекелік іс-шарада Қазақстандағы тұңғыш көпұлтты «BIRLIK» ән-би ансамблі де өнерін көрсетті. Ұжым көпұлтты бірлік пен мәдениетаралық диалогтың бірегей үлгісін көрсетті.
🎶Сонай-ақ кеш қонақтарына бірнеше ай бұрын «ZHOSHY» фольклорлық ансамблі таныстырылды. Ансамбль мүшелері желбуаз, мес сырнай, уілдек, тастауық сияқты сирек кездесетін музыкалық аспаптарда ойнайды.
Дипломатиялық балдың құрметті қонақтары да қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады.
📌«Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтамын! Барша қазақстандықтарға зор денсаулық, бақыт, жақсылық пен амандық тілеймін! Бұл қуаныш пен жаңару кезеңі сіздердің жүректеріңізге жарқын және жылы сезім ұялатсын, ал үйлеріңізге бейбітшілік пен амандық әкелсін», – деді БҰҰ-ның Тұрақты үйлестірушісі Микаэль Фриберг-Стори.
📌«Бұл мейрам — адамдарға бақытты өмір сүруге, дамуға, өркендеуге, достық, береке мен махаббатқа үміт сыйлайтын көктемгі жаңару мерекесі. Наурыз бірлік пен тұрақтылық мейрамына айналып, үйлеріңізге бақыт әкелсін және ойлаған дүниенің барлығы жүзеге ассын», – деді Орталық Азия бойынша субаймақтық үйлестіруші, Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Өзбекстандағы ХКҰ миссиясының басшысы Зейнал Гаджиев.
Басқа жаңалықтар
13-10-2026
Қазақстан әдебиеті Германиядағы ірі кітап жәрмеңкесінде таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында Frankfurter Buchmesse 2026 халықаралық кітап жәрмеңкесі өтті. Қазақстанның ұлттық стендінде 15-тен астам отандық баспаның 300-ге жуық кітабы ұсынылды. Жәрмеңкеге 30-дан астам қазақстандық баспагерлер мен әдебиет саласының өкілі қатысты.
09-10-2026
Франкфурттегі кітап жәрмеңкесінде 300-ге жуық қазақстандық кітап таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында «Frankfurter Buchmesse 2026» 78-ші халықаралық кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жәрмеңкеде үшінші жыл қатарынан Қазақстанның ұлттық стенді ұйымдастырылды.
29-09-2026
ҚазҰУ студенттеріне Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында арнайы шеберлік сағаты өткізілді
29-09-2026
«Жылдың 10 оқырманы» жобасының жеңімпаздарына 10 млн теңгеден беріледі
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасына арналған брифинг өтті.
07-09-2026
Қазақстан халықаралық кітап байқауында тоғыз жүлделі орынға ие болды
Қазақстандық баспалар ұсынған кітаптар Минск қаласында өткен XXIII «Искусство книги – 2026» халықаралық байқауында тоғыз жүлделі орынды иеленді. Байқау нәтижесі бойынша отандық авторлардың кітаптары екі бірінші, төрт екінші және үш үшінші орынды иеленді.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй