Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / Қазақстанда кітапханаға баратын оқырманның әлеуметтік портреті жасалды
Қазақстанда кітапханаға баратын оқырманның әлеуметтік портреті жасалды
25-04-2024
Әлеуметтік зерттеудің қорытындысы бойынша, Қазақстанда кітапханаға баратын оқырманның жиынтық портреті жасалды. Жас ерекшелігі 15 пен 86 жас аралығындағы адамдар. Олардың 65%-ы әйелдер болса, 35%-ы ерлер екені анықталды.

◾️Кітапханаға ең көп келетін орта мектеп оқушылары, орта білім мен жоғары оқу орындарының студенттері, шағын бизнес өкілдері, зейнеткерлер мен уақытша жұмыс істемейтін азаматтар.

◾️Жүргізілген зерттеуге сәйкес, респонденттердің 48%-ы өздері кітап оқитынын, 35%-ы оқуды ұнататынын, 15%-ы көп оқитынын және 2%-ы оқымайтынын көрсеткен. Сауалнамаға қатысқан 90% оқырманды кітапханалардың кітап қоры қанағаттандырады.

◾️Респонденттердің 45%-ы кітапханаларға жиі барса, 70%-ы тек жұмыс күндері барғанды жөн көреді екен.

◾️Оқырмандар сұранысы бойынша детектив жанрындағы шығармалар мен психологияны оқитындар – 38%, өмір, махаббат туралы романға қызығатындар – 32%, естелік және тарихи кітапты оқитындар – 26%, салалық сипаттағы кітаптарды (аспаздық рецепттер, анықтамалықтар, медицина бойынша кеңестер) – 4%-ды көрсетіп отыр. Ал егде жастағы адамдардың оқуға деген құштарлығы жоғары, оның көрсеткіші – 60%.

✅Айта кетейік, Қазақстандағы жалпыға қолжетімді кітапханалар арасында әлеуметтік зерттеу жасалды. Оның ішінде сауалнама, экспресс-сауалнамалар, сондай-ақ оқырман формуляры бойынша оқуды талдау, жеке әңгімелесу сияқты зерттеу әдістері жүргізілді. Кітапхана оқырмандарынан оқу, қызмет көрсету сапасы, сондай-ақ респонденттердің жасы, білімі мен гендерлік белгілері туралы пікірлері сұралды.

ℹ️ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызмет
Басқа жаңалықтар
13-10-2026
Қазақстан әдебиеті Германиядағы ірі кітап жәрмеңкесінде таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында Frankfurter Buchmesse 2026 халықаралық кітап жәрмеңкесі өтті. Қазақстанның ұлттық стендінде 15-тен астам отандық баспаның 300-ге жуық кітабы ұсынылды. Жәрмеңкеге 30-дан астам қазақстандық баспагерлер мен әдебиет саласының өкілі қатысты.
09-10-2026
Франкфурттегі кітап жәрмеңкесінде 300-ге жуық қазақстандық кітап таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында «Frankfurter Buchmesse 2026» 78-ші халықаралық кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жәрмеңкеде үшінші жыл қатарынан Қазақстанның ұлттық стенді ұйымдастырылды.
29-09-2026
ҚазҰУ студенттеріне Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында арнайы шеберлік сағаты өткізілді
29-09-2026
«Жылдың 10 оқырманы» жобасының жеңімпаздарына 10 млн теңгеден беріледі
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасына арналған брифинг өтті.
07-09-2026
Қазақстан халықаралық кітап байқауында тоғыз жүлделі орынға ие болды
Қазақстандық баспалар ұсынған кітаптар Минск қаласында өткен XXIII «Искусство книги – 2026» халықаралық байқауында тоғыз жүлделі орынды иеленді. Байқау нәтижесі бойынша отандық авторлардың кітаптары екі бірінші, төрт екінші және үш үшінші орынды иеленді.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ