Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / Қазақстанда кітапханаға баратын оқырманның әлеуметтік портреті жасалды
Қазақстанда кітапханаға баратын оқырманның әлеуметтік портреті жасалды
25-04-2024
Әлеуметтік зерттеудің қорытындысы бойынша, Қазақстанда кітапханаға баратын оқырманның жиынтық портреті жасалды. Жас ерекшелігі 15 пен 86 жас аралығындағы адамдар. Олардың 65%-ы әйелдер болса, 35%-ы ерлер екені анықталды.

◾️Кітапханаға ең көп келетін орта мектеп оқушылары, орта білім мен жоғары оқу орындарының студенттері, шағын бизнес өкілдері, зейнеткерлер мен уақытша жұмыс істемейтін азаматтар.

◾️Жүргізілген зерттеуге сәйкес, респонденттердің 48%-ы өздері кітап оқитынын, 35%-ы оқуды ұнататынын, 15%-ы көп оқитынын және 2%-ы оқымайтынын көрсеткен. Сауалнамаға қатысқан 90% оқырманды кітапханалардың кітап қоры қанағаттандырады.

◾️Респонденттердің 45%-ы кітапханаларға жиі барса, 70%-ы тек жұмыс күндері барғанды жөн көреді екен.

◾️Оқырмандар сұранысы бойынша детектив жанрындағы шығармалар мен психологияны оқитындар – 38%, өмір, махаббат туралы романға қызығатындар – 32%, естелік және тарихи кітапты оқитындар – 26%, салалық сипаттағы кітаптарды (аспаздық рецепттер, анықтамалықтар, медицина бойынша кеңестер) – 4%-ды көрсетіп отыр. Ал егде жастағы адамдардың оқуға деген құштарлығы жоғары, оның көрсеткіші – 60%.

Айта кетейік, Қазақстандағы жалпыға қолжетімді кітапханалар арасында әлеуметтік зерттеу жасалды. Оның ішінде сауалнама, экспресс-сауалнамалар, сондай-ақ оқырман формуляры бойынша оқуды талдау, жеке әңгімелесу сияқты зерттеу әдістері жүргізілді. Кітапхана оқырмандарынан оқу, қызмет көрсету сапасы, сондай-ақ респонденттердің жасы, білімі мен гендерлік белгілері туралы пікірлері сұралды.

ℹ️ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызмет
Басқа жаңалықтар
18-05-2024
IFLA Дүниежүзілік кітапхана және ақпарат конгресі Қазақстанда өтуі мүмкін
17-05-2024
Мемлекет басшысы “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”
14-05-2024
Ақын, драматург, прозаик, журналист әрі аудармашы Ілияс Жансүгіровтің туғанына — 130 жыл
14-05-2024
Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қызметкерлері Абай облысына ғылыми экспедициямен барды. Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады
13-05-2024
Бүгін жазушы, журналист, публицист Әнуар Әлімжановтың туғанына — 94 жыл.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы