Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Бұл күн – адамзатты ізгілікке баулып, мейірімге үндейтін, сұлулыққа құштар, жарастыққа толы әлемге сенетін, болашақ үшін жасампаздыққа бастайтын ардақты кәсіп иелерінің мерекесі.
21-05-2024
Құрметті мәдениет және өнер қайраткерлері! Сіздерді мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн – адамзатты ізгілікке баулып, мейірімге үндейтін, сұлулыққа құштар, жарастыққа толы әлемге сенетін, болашақ үшін жасампаздыққа бастайтын ардақты кәсіп иелерінің мерекесі.
Бүгінде елімізде 8 мыңға жуық мәдениет ошағы бар, онда 64 000-нан астам қызметкер жұмыс істейді. Оның ішінде театр, музей, кітапхана, концерттік ұйымдар, өнер галереялары мен басқа да көптеген мекемелерді ерекше атап өтуге болады. Сіздердің қажырлы қызметтеріңіз арқылы Қазақстанның бай мәдени мұрасы сақталып, өркендеп-дамып келеді.
Өздеріңізді өнер мен шығармашылық арқылы елдер арасындағы достық пен ынтымақтастықты жалғап отырған аштын көпір әрі нағыз мәдениет елшілері деп білеміз.
Сіздерге жанкешті жұмыстарыңыз бен өз істеріңізге деген адалдықтарыңыз үшін және халықаралық аренада Қазақстанның имиджін нығайтуға қосқан зор үлестеріңіз үшін алғыс айтамыз. Сіздер арқалаған міндет – асқар таудай биік, сіздер аңсаған мұрат – мәңгілік. Сіздер атқарған қызмет – еліміз үшін аса маңызды. Баршаңызға шығармашылық табыс пен жарқын жетістіктер тілейміз! ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар
13-10-2026
Қазақстан әдебиеті Германиядағы ірі кітап жәрмеңкесінде таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында Frankfurter Buchmesse 2026 халықаралық кітап жәрмеңкесі өтті. Қазақстанның ұлттық стендінде 15-тен астам отандық баспаның 300-ге жуық кітабы ұсынылды. Жәрмеңкеге 30-дан астам қазақстандық баспагерлер мен әдебиет саласының өкілі қатысты.
09-10-2026
Франкфурттегі кітап жәрмеңкесінде 300-ге жуық қазақстандық кітап таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында «Frankfurter Buchmesse 2026» 78-ші халықаралық кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жәрмеңкеде үшінші жыл қатарынан Қазақстанның ұлттық стенді ұйымдастырылды.
29-09-2026
ҚазҰУ студенттеріне Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында арнайы шеберлік сағаты өткізілді
29-09-2026
«Жылдың 10 оқырманы» жобасының жеңімпаздарына 10 млн теңгеден беріледі
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасына арналған брифинг өтті.
07-09-2026
Қазақстан халықаралық кітап байқауында тоғыз жүлделі орынға ие болды
Қазақстандық баспалар ұсынған кітаптар Минск қаласында өткен XXIII «Искусство книги – 2026» халықаралық байқауында тоғыз жүлделі орынды иеленді. Байқау нәтижесі бойынша отандық авторлардың кітаптары екі бірінші, төрт екінші және үш үшінші орынды иеленді.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй