Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / Бұл күн – адамзатты ізгілікке баулып, мейірімге үндейтін, сұлулыққа құштар, жарастыққа толы әлемге сенетін, болашақ үшін жасампаздыққа бастайтын ардақты кәсіп иелерінің мерекесі.
Бұл күн – адамзатты ізгілікке баулып, мейірімге үндейтін, сұлулыққа құштар, жарастыққа толы әлемге сенетін, болашақ үшін жасампаздыққа бастайтын ардақты кәсіп иелерінің мерекесі.
21-05-2024
      Құрметті мәдениет және өнер қайраткерлері! Сіздерді мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн – адамзатты ізгілікке баулып, мейірімге үндейтін, сұлулыққа құштар, жарастыққа толы әлемге сенетін, болашақ үшін жасампаздыққа бастайтын ардақты кәсіп иелерінің мерекесі.
     Бүгінде елімізде 8 мыңға жуық мәдениет ошағы бар, онда 64 000-нан астам қызметкер жұмыс істейді. Оның ішінде театр, музей, кітапхана, концерттік ұйымдар, өнер галереялары мен басқа да көптеген мекемелерді ерекше атап өтуге болады. Сіздердің қажырлы қызметтеріңіз арқылы Қазақстанның бай мәдени мұрасы сақталып, өркендеп-дамып келеді.
      Өздеріңізді өнер мен шығармашылық арқылы елдер арасындағы достық пен ынтымақтастықты жалғап отырған аштын көпір әрі нағыз мәдениет елшілері деп білеміз.
      Сіздерге жанкешті жұмыстарыңыз бен өз істеріңізге деген адалдықтарыңыз үшін және халықаралық аренада Қазақстанның имиджін нығайтуға қосқан зор үлестеріңіз үшін алғыс айтамыз. Сіздер арқалаған міндет – асқар таудай биік, сіздер аңсаған мұрат – мәңгілік. Сіздер атқарған қызмет – еліміз үшін аса маңызды. Баршаңызға шығармашылық табыс пен жарқын жетістіктер тілейміз!
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар
01-07-2026
ҰЛТТЫҚ КІТАП ПАЛАТАСЫНА ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ АТЫНАН ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ АРНАЙЫ БАСЫЛЫМЫ ТАБЫСТАЛДЫ
 Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан еліміздің жаңа Конституциясының арнайы басылымы салтанатты түрде табысталды.
30-06-2026
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӘНЕ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы» республикалық мемлекеттік мекемесі мен «М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арасында ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды.
26-06-2026
Қазақстан кітапханалар одағының «Жаһандық көзқарас және тұрақты даму: кітапханалардың болашақты құрудағы рөлі» атты кезекті көшпелі отырысы
Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткізіліп жатқан көшпелі отырыс аясында, Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры Асхат Құсайынұлы Байұзақов «Кітапхана және кітап баспа ісі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша баяндама жасады.
22-06-2026
Софы Қалыбекұлы Сматаев
   ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының ұжымы көрнекті жазушы, драматург, аудармашы, қоғам қайраткері, Кітап палатасының ұзақ жылдар бойы бас директоры болған Софы Сматаевты 85 жас мерейтойымен шын жүректен құттықтайды!
22-06-2026
Кітап палатасы халықаралық кітап көрмесінде Қазақстанның баспа өнімдерін таныстырды
2026 жылғы 17–21 маусым аралығында өткен Азиядағы ең ірі халықаралық кітап форумдарының бірі – Бейжің халықаралық кітап көрмесі табысты қорытындыланды.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ