Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Аида Балаева ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Минмен кездесті
⠀
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Минмен кездесті. Кездесу Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының туристік және мәдени астанасы Алматы қаласында өтті. Бұл мәртебе мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ШЫҰ-ға төрағалық еткен кезде бекітілді.
«Қазақстан Президенті ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы берік қарым-қатынастың негізі мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық екенін бірнеше рет атап өтті. Шанхай ұйымы Еуразия құрлығындағы он мемлекетті біріктіреді, онда планета халқының жартысына жуығы тұрады. Біздің халықтарымыздың мәдени әртүрлілігі мәдени алмасу мен мәдениет саласында керемет перспективаларға жол ашады», - деді министр.
Ведомство басшысы мына мәселелерді атап өтті:
• ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің мәдениет министрлері кездескен 21-ші кеңесте бірлескен жұмыстың аралық нәтижелері қорытындыланып, перспективалар талқыланғанын еске салды;
• Мәдени байланыстың жемісті тәжірибелерінің бірі – «Мәдениет күндері» мен бірлескен мәдени іс-шаралар өткізу.
2022-2023 жылдары Қазақстанда төмендегі елдердің Мәдениет күндері аталып өтті:
• Ресей;
• Қырғызстан;
• Өзбекстан;
• Тәжікстан.
Сондай-ақ Қазақстанның мәдениет күндері сәтті ұйымдастырылып өткізілді:
• Ресей;
• Әзербайжан.
Биыл Тәжікстан мен Түрікменстандағы Қазақстанның мәдениет күндері аясында бірқатар іс-шаралар жоспарлануда.
Министр ШЫҰ қолдауымен осы тәжірибені жалғастыру мәдениет пен халықтардың одан әрі терең байланысына ықпал ететініне сенім білдірді.
2023 жылы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «ШЫҰ-ның Киелі орындары» жобасы қолға алынды, оның аясында Мәдениет және ақпарат министрлігі ұлы ойшыл Қожа Ахмет Яссауидің кесенесін қайта жаңарту жұмыстарын жүргізуде.
Өз кезегінде Чжан Мин министрдің барлық ұсыныстарын қолдауға және оларды іске асыруда жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.
Басқа жаңалықтар
13-10-2026
Қазақстан әдебиеті Германиядағы ірі кітап жәрмеңкесінде таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында Frankfurter Buchmesse 2026 халықаралық кітап жәрмеңкесі өтті. Қазақстанның ұлттық стендінде 15-тен астам отандық баспаның 300-ге жуық кітабы ұсынылды. Жәрмеңкеге 30-дан астам қазақстандық баспагерлер мен әдебиет саласының өкілі қатысты.
09-10-2026
Франкфурттегі кітап жәрмеңкесінде 300-ге жуық қазақстандық кітап таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында «Frankfurter Buchmesse 2026» 78-ші халықаралық кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жәрмеңкеде үшінші жыл қатарынан Қазақстанның ұлттық стенді ұйымдастырылды.
29-09-2026
ҚазҰУ студенттеріне Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында арнайы шеберлік сағаты өткізілді
29-09-2026
«Жылдың 10 оқырманы» жобасының жеңімпаздарына 10 млн теңгеден беріледі
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасына арналған брифинг өтті.
07-09-2026
Қазақстан халықаралық кітап байқауында тоғыз жүлделі орынға ие болды
Қазақстандық баспалар ұсынған кітаптар Минск қаласында өткен XXIII «Искусство книги – 2026» халықаралық байқауында тоғыз жүлделі орынды иеленді. Байқау нәтижесі бойынша отандық авторлардың кітаптары екі бірінші, төрт екінші және үш үшінші орынды иеленді.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй