Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар /
23-04-2021
23 сәуір – әлем әдебиеті өкілдері үшін аса маңызды дата. 1995 жылы Париж қаласында ЮНЕСКО-ның Бас конференциясы адамзат мәдениетін қалыптастырушы, әдебиеттің негізін қалаушы тұлғалардың атына тағзым жасау үшін және оларды жастарға насихаттау үшін осы күнге ерекше символикалық сипат беру туралы шешім қабылдаған. Дәл осы тарихи жиында балалар және жасөспірімдер әдебиеті өкілдеріне арналған арнайы сыйлық беру мәселесі де мақұлданып еді. 

Ширек ғасырдан астам тарихы бар атаулы күн жыл өткен сайын ауқымын кеңейтіп, маңызын арттырып келеді. Ағарту жұмыстарын насихаттап, мәдени дәстүрлерді жаңғыртып, білімді таратудың әрі оны сақтаудың ең сенімді құралы – кітапты құрметтеуге үндейтін датаның салмақтылығы сезіледі бүгінде. 

Кітап арқылы біз тек қана білім емес, жаңа идеялар, ойдың жүйріктік қасиеті, рухани құндылықтар, сұлулықты көре білу және түсіну, сөз құдіретін сезіну, шешен сөйлей білу сияқты қажеттіліктерге қол жеткіземіз. Білім мен шығармашылықтың терең үйлесіміне құрылған кез келген кітап өзінің әлеуметтік ортасы жөнінде ақпарат беруге, түрлі халықтардың дәстүрін баяндауға қауқарлы. 

Кітап – бірнеше мәдени бағыттар мен түрлі өркениеттерді бір уақыт пен кеңістік шеңберінде біріктіре алатын қасиетті құрал. Бүгінгі күні Халықаралық кітап және авторлық құқық күнін жүзден астам елдегі миллиондаған адам атап өтеді. Атаулы күнде түрлі ассоциацияларда, мектептерде, мемлекеттік мекемелерде, кәсіби ұйымдар мен жеке кәсіпорындарда түрлі шаралар ұйымдастырылып жатады. 

Халықаралық кітап және авторлық құқық күні қарсаңында өткізілетін іс-шаралардың арқасында мыңдаған адам кітаппен дос болып, өзін дамытудың, әлемге биік көзқараспен қараудың, дүниедегі барлық құбылысты сөз құдіреті арқылы сіңіріп, одан ләззат алудың жолына түскен. Мәдени бағыттардың өзара үйлесім табуы да кітап мәдениет дамыту арқылы, халықаралық байланыстарды тереңдету арқылы жүретін процесс екені анық. Сонымен қатар, осы дата төңірегінде авторлық құқықты қорғау мәселесі көтеріліп, жыл санап бірқатар кедергілер жолға қойылып келеді. 

Осы тұста айта кету керек, біздің елімізде де авторлық құқық жөнінде бірқатар мәселелер баршылық. ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы мен Қазақстан Баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар Ассоциациясы біріге отырып, ҚР Әділет министрлігіне қарасты Ұлттық зияткерлік меншік институтының мамандарының қатысуымен еліміздің баспа ісі саласындағы барлық өкілдерін (баспагерлер, авторлар) қамтитын онлайн-семинарлар ұйымдастыру жоспарланып отыр. 

Авторлық құқық мәселелерін шешу үшін, ең алдымен, азаматтардың, саладағы қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру қажет. Біз жоспарлап отырған онлайн-семинар барысында осындай қажеттіліктер күн тәртібіне қойылып, екі тараптың бетпе-бет кездесуі арқылы түйткілді мәселелер шешіледі деп күтіледі. 

Халықаралық кітап және авторлық құқық күнін атап өткен кезде кітаптың қазіргі заманғы рөлі мен әр мемлекеттік мәдени әлеуетінің артуы мәселелеріне баса назар аударылады. Сондықтан, жыл сайын осы дата аясында түрлі бастамалар мен іс-шаралар жоспарланады.
Осылайша, Халықаралық кітап және авторлық құқық күнінің географиялық және мазмұндық шеңбері қарқынды түрде кеңейіп келе жатыр. 
Кітап – адамзаттың мәдени-әдеби, рухани жәдігерлерін қорғайтын, насихаттайтын және оны сақтайтын ерекше құрал. Міне, осы себепті әлемнің жетекші елдері кітап мәдениетін қалыптастыру ісіне айрықша мән беріп қарайды. 

Халықаралық кітап және авторлық құқық күні аясында өтетін ерекше бір жоба бар. Ол – 1 жылға Әлемнің кітап астанасын бекіту. Әлемнің кітап астанасы атанған қалада жәрмеңкелер, кітап көрмелері, әлем классиктерінің еңбектерінің тұсаукесері, мерейтойлары, түрлі мәдени іс-шаралар жыл бойы өткізіліп тұрады. 

2021 жылы Әлемнің кітап астанасы статусын Тбилиси қаласы алды. Енді жыл бойы бұл шаһарда кітап мәдениетін дамыту мәселелері қарастырылатын отырыстар, түрлі конкурстар, түрлі мәдени іс-шаралар өтеді. 

Қазақстан халқының мәдени, әдеби және рухани мұрасы бай екенін білеміз. Архивтердегі аса құнды, адамзаттық деңгейде салмағы бар еңбектерге насихат жұмыстарын дұрыс жүргізсек, халықаралық кітап индустриясындағы салмағымыз артып, орынымыз бекитін еді. 

Қазіргі уақытта осы бағытта түрлі жұмыстар атқарылып жатыр. Жақын жылдарда еліміздің бір шаһары «Әлемнің кітап астанасы» статусын алады деп сенеміз. 
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының 
директоры
Әділ Қойтанов
Басқа жаңалықтар
20-10-2025
«Frankfurter Buchmesse 2025» 77-ші Франкфурт кітап жәрмеңкесінен көріністер.
16-10-2025
Қазақстан Франкфурт Кітап көрмесінде: Ұлттық әдебиет – халықаралық аренада
15–19 қазан күндері Германияның Франкфурт қаласында өтетін «Frankfurter Buchmesse 2025» халықаралық кітап жәрмеңкесінде Қазақстан өз ұлттық стендін ашып, отандық баспалардың жаңа туындыларын әлем жұртшылығына таныстырды, деп жазады Egemen.kz.
03-09-2025
Мемлекет басшысы Қытайдағы Қазақстан мәдениет орталығының ашылу рәсіміне қатысты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапары аясында Бейжіңде Қазақстанның мәдениет орталығы салтанатты түрде ашылды
03-09-2025
Бейжіңде Қазақстанның алғашқы мәдени орталығы ашылды
Бейжіңде Қазақстанның алғашқы мәдени орталығы ашылды
29-08-2025
Астана қаласында Тұңғыш Президент музейінде Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына арналған
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2025 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы