Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Бүгін Disney мен Pixar студиялары шығарған «Ойжұмбақ 2» фильмінің тұсаукесері өтті.
12-06-2024
Қазақстандық көрермен Disney премьераларын үнемі ерекше ықыласпен күтеді.
Бұл дәстүр биыл да жалғасын тапты. Бұған дейін қазақ тілінде көрсетілген «Моана», «Коконың құпиясы», «Арыстан патша» (2019) фильмдерінің қатары жаңа туындылармен толықты. Биыл алғаш рет Disney мен Pixar студиялары «Ойжұмбақ 2», Disney студиясы «Моана 2», «Муфаса: Арыстан патша» деп аталатын анимациялық фильмдерін өз қаражатына қазақ тіліне аударды.
Фильмдерді түрлі елдер мәдениеті мен таным-түсінігіне бейімдеп, дубляждау – Disney компаниясында бұрыннан қалыптасқан үрдіс. Компания жыл сайын әр фильмнің түрлі тілдердегі 30-ға жуық нұсқасын ұсынады. Қазақ тілінің осындай ірі тілдер қатарына қосылуы – біз үшін маңызды оқиға, жақсы жаңалық. Бұл қазақ тілінде еркін сөйлейтін ортаға да, тілді үйренушілерге де пайдалы, әрі қуанышты жағдай.
Қазақша дубляж саласы соңғы жылдары жаңа деңгейге көтерілгенін бәріміз жақсы білеміз. Мәселен, «Ойжұмбақ 2» фильмінің дубляжында да жаңалық көп, қазақ тілінің қолданыс аясын, әсіресе балалар арасында сирек қолданылатын төл лексиканы орнықтыруға жол ашатын мысалдар көп. Ана тіліміздің қолданыс аясын баланың сүйікті кейіпкерлері арқылы кеңейту – өте ұтымды тәсіл. Фильмнен шыққан әр бүлдіршін жаңа сөз үйреніп, оны қолдана алса, жақсы емес пе?!
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Disney студиясының бұл бастамасына қолдау білдіреді және оны өзге де контент жасаушыларға үлгі болатын өте жақсы бастама деп таниды. Мұндай бастаманы қолдап, өзгелерге мысал ретінде таратуымыз керек.
Осы жобаға мұрындық болып, оны жан-жақты қолдаған «Қазақ тілі» қоғамына алғыс білдіремін.
«Ойжұмбақ 2» анимациялық фильмі 14 маусымнан бастап кинотеатрларда көрсетіледі. Сіздерді қазақша дубляжды қолдауға шақырамыз!
Басқа жаңалықтар
22-05-2026
Сөзден іске!
Бүгін Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмасымен Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының мамандарына Алматы қаласынан 2 бөлмелі пәтер табысталды.
21-05-2026
Құрметті мәдениет және өнер саласының қызметкерлері!
17-05-2026
Мемлекет басшысы «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды
01-05-2026
«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау басталды
«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау басталды. Ұлттық әдеби сыйлық отандық қаламгерлерді қолдау және қазақ әдебиетінің дамуына ықпал ету мақсатында өткізіледі.
16-04-2026
23 сәуір — елімізде Ұлттық кітап күні ретінде аталып өтеді
23 сәуір — елімізде Ұлттық кітап күні ретінде аталып өтеді. Осы маңызды күнге орай республика көлемінде кітап оқу мәдениетін насихаттауға, рухани және зияткерлік дамуды қолдауға бағытталған ауқымды кітап апталығы ұйымдастырылып отыр
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй