Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / КІТАП ШЫҒАРУ ІСІНЕ САЛЫҚ САЛЫНБАЙДЫ
КІТАП ШЫҒАРУ ІСІНЕ САЛЫҚ САЛЫНБАЙДЫ
09-04-2025
Бүгінгі Пленарлық отырыста вице-премьер, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин “Әлеуметтік маңызы бар тауарларға қосымша құн салығы салынбайды” деп бірнеше саланың атын атап, түсін түстеп айтты.
Осы орайда, кітап шығару ісі қосымша құн салығынан босатылатыны туралы мәлімет көңіл қуантты.
Идеологиялық салмағы басым бұл ұсынысты негізі депутаттар берген. Үкімет ары ойланды, бері ойланды, ақыры осы шешімге келді. Кітапты басып шығару ісі — бірінші кезекте бизнес шығар…
Алайда, бұл ең алдымен — ИДЕОЛОГИЯ!
ТІЛДІҢ ДЕ, ДІЛДІҢ ДЕ БАСТАУЫ — КІТАПТА!
Кітап ісіне, жалпы кітап оқу мәдениетіне Мемлекет Басшысы өзі бастап ерекше назар аударуда. Ал онсыз да күнін әрең көріп жүрген баспагерлерге ҚҚС салынатын болса шақшадай басы шарадай болар еді.
Ал, салықтан сансырған балалар әдебиетінің жай-күйін елестете беріңіз…
Одан қалса, онсыз да алабота басып тұрған отандық кітап нарығымыз жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай шетелдік өнімдерге толары даусыз.

БҰЛ — ҮЛКЕН ЖЕҢІС!
ТАБАНДЫ ТАЛҚЫЛАУЛАРДЫҢ ЖЕМІСІ!
Басқа жаңалықтар
22-05-2026
Сөзден іске!
Бүгін Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмасымен Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының мамандарына Алматы қаласынан 2 бөлмелі пәтер табысталды.
21-05-2026
Құрметті мәдениет және өнер саласының қызметкерлері!
17-05-2026
Мемлекет басшысы «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды
01-05-2026
«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау басталды
«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау басталды. Ұлттық әдеби сыйлық отандық қаламгерлерді қолдау және қазақ әдебиетінің дамуына ықпал ету мақсатында өткізіледі.
16-04-2026
23 сәуір — елімізде Ұлттық кітап күні ретінде аталып өтеді
23 сәуір — елімізде Ұлттық кітап күні ретінде аталып өтеді. Осы маңызды күнге орай республика көлемінде кітап оқу мәдениетін насихаттауға, рухани және зияткерлік дамуды қолдауға бағытталған ауқымды кітап апталығы ұйымдастырылып отыр
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ