Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Астана қаласында Тұңғыш Президент музейінде Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына арналған
29-08-2025
Астана қаласында Тұңғыш Президент музейінде Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата Заң – халықтың таңдауы, мемлекет тірегі» көрмесінің ашылуы өтті. Іс-шараға еліміздің белгілі құқықтанушылары мен мемлекет қайраткерлері – И.И. Рогов, А.М. Нұрмағамбетов, В.В. Волков және т.б. қатысты. Экспозиция материалдары Конституцияның эволюциясы барысында саяси жүйедегі өзгерістерді көрсетіп, қазақ құқықтық санасының дәстүрлерін қазіргі конституционализм қағидаттарымен байланыстыратын құқықтық құрал ретінде ұсынылды. Көрменің маңызды бөлігін Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының қорларынан алынған 1990–1995 жылдардағы мерзімді басылымдар мен кітаптар құрайды. Олардың мазмұнында тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы негізгі саяси және қоғамдық үдерістер бейнеленіп, қазақстандық мемлекеттіліктің құқықтық негіздерінің қалыптасу барысын айқындауға мүмкіндік береді. Көрме қараша айына дейін жалғасады.
Басқа жаңалықтар
22-05-2026
Сөзден іске!
Бүгін Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмасымен Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының мамандарына Алматы қаласынан 2 бөлмелі пәтер табысталды.
21-05-2026
Құрметті мәдениет және өнер саласының қызметкерлері!
17-05-2026
Мемлекет басшысы «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды
01-05-2026
«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау басталды
«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау басталды. Ұлттық әдеби сыйлық отандық қаламгерлерді қолдау және қазақ әдебиетінің дамуына ықпал ету мақсатында өткізіледі.
16-04-2026
23 сәуір — елімізде Ұлттық кітап күні ретінде аталып өтеді
23 сәуір — елімізде Ұлттық кітап күні ретінде аталып өтеді. Осы маңызды күнге орай республика көлемінде кітап оқу мәдениетін насихаттауға, рухани және зияткерлік дамуды қолдауға бағытталған ауқымды кітап апталығы ұйымдастырылып отыр
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй