Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Бөлімдер / Мемлекеттік библиография бөлімі

«Мемлекеттік библиография» бөлімі

      Бөлім 1968 жылы ашылған. Мемлекеттік библиография бөлімі Республика аумағында шығатын барлық баспасөз өнімдерінің міндетті тегін даналары газет, журнал, кітап, кітапшалар, бейнелеу өнері басылымдары, карталар, күнтізбелер мен альбомдарды Кітап палатасының “Қабылдау және бақылау” бөліміне келіп түсіп, тіркеуден өткеннен кейін, мемлекетаралық стандарт ГОСТ 7.60-2003 «Басылым. Негізгі түрлері. Терминдер мен анықтамалар»  стандарты негізінде жасалған нұсқаулық бойынша газеттерді (Республикалық, еларалық, облыстық, қалалық, салалық, қоғамдық) атаулары мен нөмірі бойынша және «Кітап нарығының статистикасы және мониторингі бөлімнен статистикалық мәліметтері алынғаннан кейін журналдарды қоғамдық-саяси, ғылыми-техникалық, әдеби-көркемдік, ғылыми жинақтар бойынша, кітаптарды инвентарлық нөмірімен қабылдап, баспа өнімдерінің ішінен мақалаларды іріктеп, жүйелі ғылыми тұрғыда ГОСТ 7.1-2003. «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Жалпы тәртібі және библиографиялық жазылу ережесі» стандарты негізінде библиографиялық және аналитикалық сипаттамасын жазып, белгілі бір ғылым саласы (ӘОЖ, КБЖ) бойынша өңдеп, ГОСТ 7.61-96 «Басылым. Мемлекеттік (Ұлттық) библиографиялық көрсеткіштер. Жалпы тәртібі және жазылу ережесі» стандарты бойынша библиографиялық көрсеткіштер құрастырады.  Олар 1938 жылдан “Баспасөз шежіресі”,  2008 жылдан бастап ай сайын “Кітап шежіресі” библиографиялық көрсеткіші шығарылады.  1961 жылдан “Бейнелеу өнері басылымдары, 2000 жылдан Картография, 1955 жылдан Ноталар шежіресі”.  2008 жылдан бастап "Бейнелеу өнері, картография және ноталар шежіресі" жылына бір рет библиографиялық көрсеткіштер болып шығарылады. 1957 жылдан ай сайын “Газет мақалаларының шежіресі”,1938 жылдан ай сайын “Журнал  мақалаларының шежіресі”, 1957 жылдан “Рецензиялар шежіресі” жылына бір рет библиографиялық көрсеткіш болып шығады. Библиограф мамандары құрастырған көрсеткіштер – Кітап палатасының бағдарламасы бойынша компьютерге теріліп, алфавитке автоматтандырылған жүйемен салынады. Осы шежірелер әдебиет, тарих, экономика, әлеуметтік-саяси тұрғыдан мәдениет, ғылым, өнер, білім салаларының даму деңгейін анықтайтын, заман талаптарына сай ғылыми зерттеу жұмыстарына, жалпы көпшілік қауымға, оқырманға сілтеме жасайтын Қазақстандағы бірден-бір библиографиялық көрсеткіштер болып табылады.  

Мемлекеттік библиография бөлімі баспа өнімдеріне библиографиялық және аналитикалық сипаттама жазу, өңдеу процессі кезінде мемлекетаралық стандарттарды – «Ақпарат, кітапхана және баспа ісі туралы стандарттар жүйесін»(СИБИД):

  • ҚР СТ 2383-2013 "Басылым. Шығу мәліметтері. Жалпы талап­тары мен рәсімдеу ережелері" ұлттық стандарты
  • ГОСТ 7.34-81. "Ақпарат, кітапхана және баспа ісі туралы стандарттар жүйесі" ИЗО  басылымдардың библиографиялық сипаттамасы.
  • ГОСТ 7.1-2003. "Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Жалпы тәртібі және библиографиялық жазылу ережесі"
  • ГОСТ 7.12-93. "Библиографиялық жазба. Орыс тіліндегі қысқарған сөздер. Жалпы тәртібі және ережесі"
  • ГОСТ 60-2003 "Басылым. Негізгі түрлері. Терминдер мен анықтамалар"
  • ГОСТ 7.61-96 "Басылым. Мемлекеттік (Ұлттық) библио­графия­лық көрсеткіштер. Жалпы тәртібі және жазылу ережесі"
  • ГОСТ 7.80-2000. "Библиографиялық жазба. Тақырып. Жалпы тәртібі және жазылу ережесі») сонымен бірге,
  • Осы ГОСТ-дың негізінде жасалған кітап, газет, журналдардың библиографиялық жазбасын құрастырудың Нұсқаулары пайдаланылады.

Библиографиялық көрсеткіштердің атаулары:

  • "Кітап шежіресі» ай сайын;
  • "Журнал мақалаларының шежіресі" ай сайын;
  • "Газет мақалаларының шежіресі" ай сайын;
  • "Бейнелеу өнері, картография және ноталар шежіресі" жылына 1 рет;
  • "Рецензиялар шежіресі" жылына 1 рет шығарылады.
Атаулы және естелік күндер
2026
Кітаптарды іріктеу -2027
"Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату" мемлекеттік бағдарламасы
Ұлттық кітап
23 сәуір - Ұлттық кітап күні
АЙБОЗ
ҰЛТТЫҚ ӘДЕБИ СЫЙЛЫҒЫ
ISBN
ISBN нөмерін алу
Ұлттық кітапхана
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы
Ұлттық академиялық кітапхана
Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы
Қазақ әдебиеті газеті
«Қазақ әдебиеті» газетінің сайты
Егемен Қазақстан
Егемен Қазақстан газеті
Алматыкітап
«Алматыкітап» баспасы
Атамұра
«Атамұра» баспасы
Мектеп
"Мектеп" баспасы
BOOKFUND.KZ
Кітаптардың ақпараттық-анықтамалық жүйесі
Ана тілі
«Ана тілі» газеті
Балдырған
"Балдырған" журналы
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ