Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Бөлімдер / Қабылдау және бақылау бөлімі

«Міндетті дананы қабылдау және бақылау» бөлімі


Кітап палатасы, баспа өнімдерінің міндетті даналарын қабылдау және оның уақытында келіп түсуін бақылау жұмысы құрылғаннан бері, яғни 1937 жылдан бері жүргізіп келеді. Бұл Кітап палатасының негізгі жұмысының бірі болып саналады.

«Міндетті дананы қабылдау және бақылау» бөлімі республикадағы шығатын баспасөз өнімдерінің түр-түрінің тегін міндетті даналарын қабылдайды. Оларды әр басылымның түрлері бойынша сұрыптап, алғашқы мемлекеттік тіркеуге алады.

Келіп түскен баспасөз өнімдерді ҚР СТ 2383-2013 «Басылым. Шығу мәліметтері. Жалпы талаптары және рәсімдеу ережелері» стандартқа сүйене отырып, реттік сандарымен сұрыптап, әр өнімді базаға тіркеп, жіберген қателеріне ескерту жасап, ҚР «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңның 15 бабын қатаң сақтауын, белгілі тәртіп бойынша бақылауға алып, жинақтап мұрағатқа өткізеді. Сонымен қатар баспа өнімдерінің толық және мерзімді түсуін, олардың мемлекеттік стандартқа сәйкестігін қадағалайды,  бөлімде тендерге қатысатын газет, журналдардың шыққан жылын растайтын анықтамалар беріледі.

Мемлекеттік мемкемелерден (Министрліктерден, Прокуратуралардан, Соттардан және т.б.) келіп түскен ресми хаттарға жауап беріледі.

Базаға тіркелгеннен кейін кейбір республикалық, облыстық газеттер библиографиялық өңдеуге «Мемлекеттік библиография» бөлімдеріне (қаз. және орыс) беріледі. Жылдың соңында бөлім қызметкерлері жыл бойы жиналған басылымдарды «Баспа  мұрағаты» бөліміне өткізеді. Бұл шаралар өткізу актісі бойынша іске асады.

Кітаптар мен кітапшалар, нота, изо, карта басылымдары, мерзімді (газеттен басқа) және жалғасты басылымдар базада тіркелгеннен кейін «Статистика және кітап нарығына маниторинг жасау» бөліміне өткізіледі.

«Міндетті дананы қабылдау және бақылау» бөлімі 2001 жылдан бастап жыл сайын «Мерзімді және жалғасты басылымдар» шежіресін шығарып келеді.

Басылым Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасына жыл бойы келіп түскен газеттер мен журналдардың міндетті даналары туралы деректерді қамтиды. Шығарылым екі бөлімнен тұрады: «Журналдар» және «Газеттер».
 

Кітаптарды іріктеу -2025
"Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату" мемлекеттік бағдарламасы
АЙБОЗ
ҰЛТТЫҚ ӘДЕБИ СЫЙЛЫҒЫ
BOOKFUND.KZ
Кітаптардың ақпараттық-анықтамалық жүйесі
ISBN
ISBN нөмерін алу
Қазақстан жазушылары сайттары
Қазақстан Республикасы жазушылары
Ұлттық кітапхана
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы
Ұлттық академиялық кітапхана
Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы
Қазақ әдебиеті газеті
Қазақ әдебиеті газетінің сайты
Егемен Қазақстан
Егемен Қазақстан газеті
Ана тілі
Ана тілі газеті
Балдырған
"Балдырған" журналы
Мөлдір Бұлақ
"Мөлдір Бұлақ" журналы
"Мектеп" баспасы
"Мектеп" баспасы
«Атамұра» баспасы
«Атамұра» баспасы
«Алматыкітап» баспасы
«Алматыкітап» баспасы
Bairaq.kz
"Bairaq.kz" Интернет ресурсы
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы