Ақпараттық технологиялар бөлімі 2003 жылы ұйымдастырылды. Бұл бөлім библиографиялық процестерді автоматтандыру жүйесінде программалық-техникалық құралдарды пайдалану және енгізу ісімен шұғылданады. Ақпараттық технологиялар қызметі мәліметтер базасын, электронды каталогтарды, вэб-порталды және тақырыптық желілік жобаларды тиімді басқару мақсатында құрылған.
Орталықтағы басты жұмыс – алыс-жақын шетелдердегі алпауыт ақпарат ұстаушылардың электронды каталогы мен қашықтағы мәліметтер базасына қол жеткізумен қамту әрі оны тестіден өткізу, баға беру, қадағалау. Тұтынушылардың сұрауы бойынша электронды каталогтар мен мәліметтер базасын ұйымдастырады. құжаттарды электронда жеткізуге өтінімдер қабылданады. Бұдан басқа, электронды ресурстарды басқару қызметі сандық әдебиеттердің меншікті электронды коллекцияларын құру үшін құжаттар көлемін анықтайды.
Ақпараттық технологиялар бөлімі өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды тиімді орындауға, сонымен қатар жергілікті компьютерлік желілерді, қолданылатын протоколдарды, операциялық жүйелерді, желілік жабдықтарды, серверлер мен жұмыс станцияларының аппараттық құралдарын, қорғауға арналған бағдарламалық және техникалық құралдарды ұйымдастыруға жауап береді. компьютерлік желілер.