Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Бөлімдер / Келіп түскен міндетті дананы қабылдау мен бақылауа бөлімі

«Келіп түскен міндетті дананы қабылдау мен бақылау» бөлімі «Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы» РММ құрылымдық бөлімшесі болып табылады және "ҚР Баспасөз мұрағат" қорын жинақтау орталығының функцияларын орындайды.

Бөлім Қазақстан аумағында басылып шыққан барлық баспа өнімдерін, сондай-ақ отандық ұйымдардың тапсырысы бойынша шетелде дайындалған басылымдарды қабылдауды және бастапқы тіркеуді жүзеге асырады. Сондай-ақ, бөлім ҚР «Мәдениет туралы» Заңының 24-2-бабына және ҚР «Масс-медиа туралы» Заңының 21-бабына сәйкес басып шығарушылардан немесе оның тапсырмасы бойыншан үшінші тұлғалардан тегін міндетті даналардың уақтылы түсуін және олардың толық жеткізілуін бақылауды жүзеге асырады.

Бөлім, баспалар мен баспа ұйымдарының мемлекетаралық (ГОСТ) стандарттардың және ұлттық стандарттың, атап айтқанда, ҚР СТ 2383-2013 «Басылымдар. Шығу мәліметтері. Жалпы талаптар мен рәсімдеу ережелері» және де баспа қызметін реттейтін өзге де нормативтік құжаттардың талаптарын сақтауын бақылауды қамтамасыз етеді.
Тегін міндетті даналар келіп түскеннен кейін басылымдарға (газеттерді қоспағанда) инвентарлық нөмір бере отырып, электрондық базаға тіркеледі. Тиісті мөр қойылғаннан кейін (газеттерден басқасы) басылымдар «Кітап нарығының статистикасы және мониторинг» бөліміне тапсырылады. Республикалық және облыстық газеттер «Мемлекеттік библиография» және «Мемлекеттік, ретроспективтік библиография және казахстаника» бөлімдеріне библиографиялық өңдеуге жіберіледі.

2001 жылдан бастап «Келіп түскен міндетті дананы қабылдау мен бақылау» бөлімі жыл сайын «Мерзімді және жалғасымды басылымдар"  шежіресін шығарады. Ағымдағы жыл ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына келіп түскен мерзімді және жалғасамды басылымдардың тегін міндетті даналары көрсеткіштің негізі болып табылады. Басылым екі бөлімнен тұрады: «Журналдар» және «Газеттер».

Сонымен қатар, бөлім жеке және заңды тұлғаларға баспа басылымдарына қатысты түрлі сипаттағы анықтамалар береді.
Қорыта айтқанда, «Келіп түскен міндетті дананы қабылдау мен бақылау» бөлімінің қызметі Қазақстан Республикасының баспасөз басылымдарының мемлекеттік мұрағат қорының толықтығын қамтамасыз етуге, ұлттық деректі мұраны сақтауға және мемлекеттік библиография жүйесін жетілдіруге бағытталған.

Атаулы және естелік күндер
2026
Кітаптарды іріктеу -2027
"Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату" мемлекеттік бағдарламасы
Ұлттық кітап
23 сәуір - Ұлттық кітап күні
АЙБОЗ
ҰЛТТЫҚ ӘДЕБИ СЫЙЛЫҒЫ
ISBN
ISBN нөмерін алу
Ұлттық кітапхана
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы
Ұлттық академиялық кітапхана
Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы
Қазақ әдебиеті газеті
«Қазақ әдебиеті» газетінің сайты
Егемен Қазақстан
Егемен Қазақстан газеті
Алматыкітап
«Алматыкітап» баспасы
Атамұра
«Атамұра» баспасы
Мектеп
"Мектеп" баспасы
BOOKFUND.KZ
Кітаптардың ақпараттық-анықтамалық жүйесі
Ана тілі
«Ана тілі» газеті
Балдырған
"Балдырған" журналы
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ