Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың өткен 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялағаны әлі ұмытыла қоймаған болар? Осы тұрғыда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі елімізде көптеген игі шаралар ұйымдастырды. Соның бірі «Ерлік пен еңбек дастаны» байқауы.
Бұл байқаудың негізгі мақсаты қоғамдағы еңбек мамандықтарының маңыздылығы туралы оң пікір қалыптастыру. Қарапайым еңбек адамының өз ісіне деген адалдығы мен сүйіспеншілігін, әр мамандықтың ерекшелігін көрсететін туындылардың жазылуына ықпал ету арқылы еңбек адамдарын насихаттау болатын.
Шыны керек, біраз уақыттан бері біздің қоғамда бүгінгі нағыз еңбек адамының беделі елеусіздеу қалып келгені жасырын емес-тін. Осы байқау арқылы еңбек адамын қадірлеу, кәсіби жұмысшы мамандығының беделін көтеру ұйымдастырылған-ды.
Ал күні кеше, 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында ондаған еңбек адамдарымен бірге Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының қос бірдей қызметкеріне де адал еңбегі үшін мемлекет тарапынан пәтер кілті табыс етілді.
Солардың бірі Айжан Мұратқызы бұл салада он жылдан бері жұмыс істеп қана қоймай, осы мекемеде табан аудармастан 43 жыл қызмет еткен анасы Дербісалина Банудың ізін жалғастырушы болса, Қошанова Құралай осы ұжымда 18 жылдан бері үздіксіз еңбек етіп келеді. Бұл дегеніміз тек қана адал еңбектің ақталуы емес, сөзден іске көшудің нақты дәлелі деп түсіндік.
Осы тұрғыда Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаға ұжым атынан зор Алғыс айтамыз!
«Кітап палатасы»
Басқа жаңалықтар
13-10-2026
Қазақстан әдебиеті Германиядағы ірі кітап жәрмеңкесінде таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында Frankfurter Buchmesse 2026 халықаралық кітап жәрмеңкесі өтті. Қазақстанның ұлттық стендінде 15-тен астам отандық баспаның 300-ге жуық кітабы ұсынылды. Жәрмеңкеге 30-дан астам қазақстандық баспагерлер мен әдебиет саласының өкілі қатысты.
09-10-2026
Франкфурттегі кітап жәрмеңкесінде 300-ге жуық қазақстандық кітап таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында «Frankfurter Buchmesse 2026» 78-ші халықаралық кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жәрмеңкеде үшінші жыл қатарынан Қазақстанның ұлттық стенді ұйымдастырылды.
29-09-2026
ҚазҰУ студенттеріне Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында арнайы шеберлік сағаты өткізілді
29-09-2026
«Жылдың 10 оқырманы» жобасының жеңімпаздарына 10 млн теңгеден беріледі
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасына арналған брифинг өтті.
07-09-2026
Қазақстан халықаралық кітап байқауында тоғыз жүлделі орынға ие болды
Қазақстандық баспалар ұсынған кітаптар Минск қаласында өткен XXIII «Искусство книги – 2026» халықаралық байқауында тоғыз жүлделі орынды иеленді. Байқау нәтижесі бойынша отандық авторлардың кітаптары екі бірінші, төрт екінші және үш үшінші орынды иеленді.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй