Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / Бақытжан Қанапиянов «Жазушы және уақыт» симпозиумында баяндама жасады
Бақытжан Қанапиянов «Жазушы және уақыт» симпозиумында баяндама жасады
19-02-2021
2021 жылдың 18-21 ақпан аралығында Минск қаласында «Кітап адамзат пен елдерді біріктіреді» деген лозунгпен XXVIII Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтті. Әлемдік деңгейдегі кітап көрме-жәрмеңкесіне жиырмадан астам ел белсенді түрде қатысты, соның бірі – Қазақстан Республикасы.

Кітап көрме-жәрмеңкесі аясында «Жазушы және уақыт» («Писатель и время») атты дәстүрлі симпозиум өтті. Қазақстан Республикасы атынан Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Бақытжан Қанапиянов баяндама жасады. 

«Қазақ-беларусь арасындағы әдеби қарым-қатынастың кем дегенде жүз жылдық тарихы бар. Минск қаласында қазіргі заманғы қазақ ақындары мен жазушыларының беларусь және орыс тіліндегі аудармалары үздіксіз жарық көруде. Оның ішінде Олжас Сүлейменовтің, Любовь Шашкованың, Светлана Ананьеваның, Нұрдәулет Ақыштың және басқа да авторлардың шығармаларын ерекше атап өтуге болады. Абайдың, Немат Келімбетовтың шығармалары беларусь тіліне аударылды. Екі ел арасындағы ынтымақтастыққа негізделген байланыс аясында әлі де жаңа жобалар жүзеге асатынына сенемін», - деді ол. 

Минск қаласында өтіп жатқан Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінің аясындағы симпозиумға Бақытжан Мұсаханұлы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының ғимаратына арнайы келіп, онлайн түрде қатысты. 

Бақытжан Мұсаханұлы – «Казахстан – Беларусь» әдеби альманахын үздіксіз шығарып келе жатқан тұлға. Сондықтан, оның есімінің Беларусь жеріндегі салмағына ешкім шүбә келтірмейді. Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі аясындағы симпозиумда Бақытжан Қанапияновтың баяндамасы жоғары деңгейде оқылды. 
Басқа жаңалықтар
10-08-2026
«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау жалғасып жатыр.
Бұл – қазақ әдебиетінің дамуына үлес қосып жүрген талантты авторлардың шығармашылығын қолдауға және үздік туындыларды дәріптеуге бағытталған маңызды жоба.
28-07-2026
XXIII халықаралық «Искусство книги» байқауына 23–24 шілде аралығында Минск қаласында ТМД елдерінің кітап ісі саласындағы арнайы номинациялар бойынша дауыс беру кезеңі өтті.
Аталған кезеңде қатысушы мемлекеттер ұсынған басылымдар әділ қазылар тарапынан жан-жақты қаралып, әр номинация бойынша үздік жұмыстарды анықтау мақсатында дауыс беру рәсімі жүргізілді
28-07-2026
2026 жылғы 22–24 шілде аралығында Беларусь Республикасының Минск қаласында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Искусство книги» халықаралық байқауы өтті.
Іссапар аясында Асхат Құсайынұлы Беларусь Республикасының кітап ісі мен баспа саласының қызметімен жан-жақты танысты. Сонымен қатар Ұлттық Беларусь кітапханасы мен Беларусь Кітап палатасында болып, мекемелердің негізгі бағыттары, құжаттарды сақтау және ғылыми-библиографиялық жұмыстарымен танысты.
01-07-2026
ҰЛТТЫҚ КІТАП ПАЛАТАСЫНА ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ АТЫНАН ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ АРНАЙЫ БАСЫЛЫМЫ ТАБЫСТАЛДЫ
 Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан еліміздің жаңа Конституциясының арнайы басылымы салтанатты түрде табысталды.
30-06-2026
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӘНЕ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы» республикалық мемлекеттік мекемесі мен «М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арасында ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ