«Мемлекеттік библиография» бөлімі
Бөлім 1968 жылы ашылған. Мемлекеттік библиография бөлімі Республика аумағында шығатын барлық баспасөз өнімдерінің міндетті тегін даналары газет, журнал, кітап, кітапшалар, бейнелеу өнері басылымдары, карталар, күнтізбелер мен альбомдарды Кітап палатасының “Қабылдау және бақылау” бөліміне келіп түсіп, тіркеуден өткеннен кейін, мемлекетаралық стандарт ГОСТ 7.60-2003 «Басылым. Негізгі түрлері. Терминдер мен анықтамалар» стандарты негізінде жасалған нұсқаулық бойынша газеттерді (Республикалық, еларалық, облыстық, қалалық, салалық, қоғамдық) атаулары мен нөмірі бойынша және «Кітап нарығының статистикасы және мониторингі бөлімнен статистикалық мәліметтері алынғаннан кейін журналдарды қоғамдық-саяси, ғылыми-техникалық, әдеби-көркемдік, ғылыми жинақтар бойынша, кітаптарды инвентарлық нөмірімен қабылдап, баспа өнімдерінің ішінен мақалаларды іріктеп, жүйелі ғылыми тұрғыда ГОСТ 7.1-2003. «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Жалпы тәртібі және библиографиялық жазылу ережесі» стандарты негізінде библиографиялық және аналитикалық сипаттамасын жазып, белгілі бір ғылым саласы (ӘОЖ, КБЖ) бойынша өңдеп, ГОСТ 7.61-96 «Басылым. Мемлекеттік (Ұлттық) библиографиялық көрсеткіштер. Жалпы тәртібі және жазылу ережесі» стандарты бойынша библиографиялық көрсеткіштер құрастырады. Олар 1938 жылдан “Баспасөз шежіресі”, 2008 жылдан бастап ай сайын “Кітап шежіресі” библиографиялық көрсеткіші шығарылады. 1961 жылдан “Бейнелеу өнері басылымдары, 2000 жылдан Картография, 1955 жылдан Ноталар шежіресі”. 2008 жылдан бастап "Бейнелеу өнері, картография және ноталар шежіресі" жылына бір рет библиографиялық көрсеткіштер болып шығарылады. 1957 жылдан ай сайын “Газет мақалаларының шежіресі”,1938 жылдан ай сайын “Журнал мақалаларының шежіресі”, 1957 жылдан “Рецензиялар шежіресі” жылына бір рет библиографиялық көрсеткіш болып шығады. Библиограф мамандары құрастырған көрсеткіштер – Кітап палатасының бағдарламасы бойынша компьютерге теріліп, алфавитке автоматтандырылған жүйемен салынады. Осы шежірелер әдебиет, тарих, экономика, әлеуметтік-саяси тұрғыдан мәдениет, ғылым, өнер, білім салаларының даму деңгейін анықтайтын, заман талаптарына сай ғылыми зерттеу жұмыстарына, жалпы көпшілік қауымға, оқырманға сілтеме жасайтын Қазақстандағы бірден-бір библиографиялық көрсеткіштер болып табылады.
Мемлекеттік библиография бөлімі баспа өнімдеріне библиографиялық және аналитикалық сипаттама жазу, өңдеу процессі кезінде мемлекетаралық стандарттарды – «Ақпарат, кітапхана және баспа ісі туралы стандарттар жүйесін»(СИБИД):
Библиографиялық көрсеткіштердің атаулары: